21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне арналған акция

22.02.2023

2023 жылдың 21 ақпан күні колледж кітапханасында «Туған жер» жобасы аясында гуманитарлық пәндер оқытушылары мен студенттік парламент мүшелері «Орман шаруашылығы» мамандығының 19 тобы және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 16 топ студенттерімен бірлесіп “21 Ақпан –Халықаралық ана тілі күні” тақырыбында акция өткізілді. Акцияның мақсаты: Танымал ақын жазушылардың үзіндісін мәнерлеп оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс тәрізді адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу; Қатысушы студенттер өз ана тілі – қазақ тілінде, ресми орыс тілінде және халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілінде танымал ақын жазушылардың өлеңдерін оқыды. Акцияға катысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы сараптады. Акция қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар табысталды.



Текст
Виртуальная приемная